05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №369  2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы

280 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
  Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидалары бекітілсін. 2. «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 75 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10687 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын; 4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 369 бұйрығымен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін айқындайды. 2. Осы қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы; 2) қорғау міндеттемесі – тарих және мәдениет ескерткіштерінің осы құжатты рәсімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат; 3) пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) – «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған мүліктік жалға беру келісімшарты (бұдан әрі – келісімшарт) негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға; 4) тарих және мәдениет ескерткіштері (бұдан әрі - ескерткіштер) – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер; 5) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган); 6) тендер – бұл жалға беруші өзі ұсынған бастапқы келісімшарт негізінде жалға беруші үшін ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен келісімшарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны; 7) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға; 8) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру келісімшарты бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – Тізілім). 3. Тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту, туристік мақсаттар үшін пайдалануға беріледі. 4. Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі. Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі. Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі. Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі. 2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібі 5. Теңгерім ұстаушы ескерткішті пайдалануға беру үшін (мүліктік жалдауға (жалға алуға) жалға берушіге оның атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, ескерткішті пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімі, нысаналы пайдалануы қамтылған ақпаратты жібереді. Ескерткіш туралы ақпарат болжамды жалға алушы көрсетілмей ұсынылады. Теңгерім ұстаушы ескерткіш туралы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. 6. Ұсынылған ақпаратты жалға беруші күнтізбелік он бес күннен асырмай қарайды. Жалға беруші егерде ескерткіш халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіш болған жағдайда көрсетілген уақыт мерзімі ішінде оны пайдалануға беруді (мүліктік жалдауға (жалға алуға) уәкілетті органмен келіседі. Уәкілетті орган келісу туралы ұсыныс түскен күннен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде ұсынысты қарап, жалға берушіге келісім беру туралы немесе келісім беруден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жолдайды. Теңгерім ұстаушы жіберген ескерткіштер туралы ақпаратты қараудың нәтижесінде жалға беруші келесі шешімдердің біреуін қабылдайды: 1) ескерткішті пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы; 2) ескерткішті пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы. 7. Жалға беруші ескерткішті пайдалануға (мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде мынадай ақпараттың: 1) ескерткіштің атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, ескерткішті пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімі; 2) ескерткіш теңгерімін ұстаушы туралы (орналасқан жері, телефон, факс, электронды поштасы); 3) ескерткішті тендер өткізу арқылы немесе тендер өткізбей пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы мәліметтердің тізілімде орналастырылуын қамтамасыз етеді. 8. Пайдаланушыны (жалдаушы, жалға алушы) анықтау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары негізінде жүзеге асады. Ескерткішті пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылданған жағдайда күнтізбелік он күннің ішінде пайдаланушыға жазбаша хабарлама мен келісімшарттың жобасы жіберіледі. 9. Республикалық меншігі болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру келісімшарты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке және заңды тұлға арасында уәкілетті орган келісімімен жасалады. Коммуналдық меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру келісімшарты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлға арасында уәкілетті орган келісімімен жасалады. Республикалық меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру келісімшарты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке және заңды тұлға арасында уәкілетті органның келісімімен жасалады. Коммуналдық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру келісімшарты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлға арасында уәкілетті орган келісімімен жасалады. 10. Келісімшарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалады. Келісімшартта белгіленген мерзім өткеннен кейін келісімшарт тоқтатылды деп саналады. 11. Ескерткішті пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы «Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы» № 76 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10688 болып тіркелген бұйрығына сәйкес пайдаланушыдан жалдау ақысы алынады. 12. Ескерткіштерін пайдалануға (мүліктік жалдауға, жалға алуға) беру келісімшарты жасалғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде жалға беруші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10677 болып тіркелген, Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидасына сәйкес қорғау міндеттемесін рәсімдеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама және келісімшарт көшірмесін жолдайды. 13. Пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген ескерткіштерді пайдаланудың жай-күйін және олардың күтіп-ұсталу тәртібін «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-1-бабына сәйкес уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12491 болып енгізілді.